Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі жазғандай, жөндеу бригадалары екі электр қозғалтқышты ауыстырды, сорғы күл құбырының жұмысы қалпына келтірілді.
"Мазутпен жұмыс істеген үш су жылыту қазандығы толығымен отынның негізгі түріне – көмірге ауыстырылды. Қатты отынмен жылытылатын қазандықтарды іске қосу сағат 04.30-да басталып, сағат 06.00-де толығымен аяқталды", - делінген жазбада.
Станция жұмысы берілген параметрлерге қайта оралды. Қазір 6 қазандық агрегат жұмыс істеуде. Гидравликалық режим берілген кестеге сәйкес келеді: 9/1,5 кгс/см2; ЖЭО-дан шыққан температура 79°С құрайды.
"Екібастұздықтар өз пәтерлерінде жылудың жақсарғанын келесі бірнеше сағат ішінде сезінетін болады, сағат 10.00-де жылу тасымалдаушының температуралық параметрлері 90°С болуы қажет", - деп толықтырды ведомстводан.