Екі аула сыпырушы жұрттың көз алдында бір-бірін сыпырғышпен сабады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Желіде екі аула сыпырушының әрлі-берлі өткен жұрттың көз алдында сыпырғышпен бір-бірін сабағаны түсірілген видео пайда болды.

Төбелесті көргендердің бірі жекпе-жекті ұялы телефонына түсіріп алған. Ер адамдардың бұлайша бір-бірін аяусыз соққылауына не себеп болғаны белгісіз, деп жазады lifenews.ru.