Екі айда тұрғын үйден шыққан өрттен 60 қазақстандық мерт болған

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ ТЖК тұрғын үйлерден шыққан өрттен адамдар ең көп қаза тапқан облыстарды мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Ведомствоның ресми өкілі Руслан Иманқұловтың хабарлауынша, Қазақстанда өрттің 68%-ы тұрғын үй аудандарында шығуда. Осылайша, 2017 жылы тұрғын үй алаңындағы өрттің жалпы саны 10 мыңнан асқан. 2018 жылы 2 айдың ішінде тұрғын үй алаңында 1475 өрт болған.

«Екі айдың ішінде тұрғын үй алаңында шыққан өрт кезінде 60 адам (оның ішінде 4 бала) қаза тапса, 90 адам (оның 25-і бала) жарақат алған», - деп атап өтті Р.Иманқұлов.

Сондай-ақ, тұрғын үй алаңындағы өрт бойынша көш бастаған облыстар аталды.

Өрттен ең көп қаза тапқан адамдар Алматыда - 9, Шығыс Қазақстанда - 9, Павлодарда - 9, Ақмолада - 8, Қарағандыда - 7, Солтүстік Қазақстан облысында - 6 адам тіркелген. Тұрғын үйдегі өрт кезінде ең көп жарақат алған адамдар саны Астанада - 17, Қарағандыда - 15, Алматыда - 13, Қостанайда - 10, Павлодар облысында - 10.

Сондай-ақ, ТЖК тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға кеңес береді.