Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов ауданға жұмыс сапарымен барып, жауаптыларға ең алдымен Жаңатас қаласына электр энергиясын және жылу беру мәселесін жедел шешуді тапсырған болатын.
Бұған дейін қалаға электр энергиясы берілген десек, енді жылумен қамту шаралары жүзеге аса бастады.
Қазіргі таңда «ЖаңатасСуЖылу» МКК жылумен жабдықтау жүйелеріне су толтыру, жеке генераторлардың қуаты айналым-сорғыларының қызметін қалыпқа келтіру жұмысы қызу жалғасып жатыр.
Осыған орай қалаға жылу беру кезең-кезеңімен іске асып, бір тәулікте толығымен жылуға қосылады деп жоспарланды.
Еске сала кетейік, қатты дауыл салдарынан Жаңатас қаласындағы электр бағаналары құлап, электр желілері тиісті кернеуді таратуда кедергі туындаған.
Соған байланысты «ЖаңатасСуЖылу» МКК жұмысын тоқтатуға мәжбүр болып, жылумен жабдықтау жүйесінен суды ағызу туралы шешім қабылданған.
Осыған байланысты Жамбыл облысының Сарысу ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған еді.
Қаладағы қатты желден кейін жылусыз қалған мектептер генератормен жылытылатыны айтылды.
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі