Екі тоқсан төмен нәтиже көрсеткен мемқызметші жұмыстан шығарылады - Азамат Жолманов

АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов қызметшілерді бағалау тәртіптерін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік қызметшілерді бағалау тоқсан сайынғы негізде жүзеге асырылады. Оған сәйкес, 2 тоқсан қатарынан қанағаттанарлықсыз баға алған қызметшілер лауазымынан төмендетіледі. Бос лауазым болмаған жағдайда, олар жұмыстан шығарылады», - деп түсіндірді Азамат Жолманов.

Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекеттік қызметке іріктеу конкурсы онлайн жүргізілетінін хабарлап едік.

Сонымен қоса, биыл күзде Президенттік жастар кадрлық резервіне кезекті іріктеу өтеді.