Оқиға кеше кешкісін болған. Бұл жөнінде куəгердің сөзін Dudar Tazsha Фейсбуктағы парақшасында жазады.
Оның көршісінің айтуынша, қайғылы жағдай "Асыл Арман" көпқабатты тұрғын үй кешенінде болған. Ол екі жасар баланың көз алдында жетінші қабаттан құлағанын көрген. Өкінішке орай, баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі аталған фактіні растады жəне тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мəлім етті.