«Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 1985 жылы туған азаматқа қатысты үкім шығарды. Ол ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 3-тармағына сәйкес кінәлі деп танылып, 18 жылға сотталды»,- деді аталған соттың баспасөз қызметі.
Сотталушы Жеңіс Құрманғазин жазасын қауіпсіз колониясында өтейді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Ол 15 күн ішінде қайта шағым түсіре алады.
Еске салсақ, Алматыда 2 жасар баланы соққыға жыққан ер адам ұсталды. Оқиға 23 қыркүйек күні болған. «Медицина қызметкерлері 2 жасар ұл баланың ес-түссіз жатқанын айтты. Баланың миында қан ұйыған, көп жарақат алған, іші соғылған, аяқ-қолдары ұрылған. Бала комаға түсіп қалған. Кейін таяқ жеген бала есін жимастан ауруханада қайтыс болды.