Оның хабарлауынша, қыркүйек айының соңында із-түссіз жоғалып кеткен 35 жастағы Шыңғырлау кентінің тұрғынын іздеу шараларына полицияның барлық күштері жұмылдырылған болатын. Қылмыстық істі ашу кезінде жедел-іздестіру тобының қызметкерлері 23 пен 24-жастағы кент тұрғындарын қолға түсірді. «Күдіктілер кенттен үш шақырым шалғай жердегі өзен маңында жәбірленушіні өлгенше ұрып-соғып, қылмыстың ізін жасыру мақсатымен оның денесін айдалаға апарып, көміп тастаған. Мәйіт ауылдан 20 шақырым жерден табылды. «Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынды. Дәлелдік базаны нығайту мақсатында кешенді жедел-тергеу шаралары жүргізілуде», - дейді Н.Ораз.