Әкімдік өкілі қазір қалада 17 көпқабатты тұрғын үйдің жылусыз отырғанын еске салып, сумен жабдықтау жүйесінде де түйткілдер бар екенін мәлім етті.
«Су арнасы бойынша ресми деректер мынандай. 58 тұрғын үй қазір сусыз отыр. Бірақ ол үйлерге суды көлікпен жеткізу жұмысы ұйымдастырылған. Қатып қалған су құбырларын жібітіп жатыр», - деді ол.
Қалада әлі де 17 көппәтерлі тұрғын үйдің жылусыз отырғанын бұған дейін жазған едік.