Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Олег Круг өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осындай мәлімет айтты.
«Электр бойынша айтсақ, Шешенбаев көшесіндегі 7 үйде проблема пайда болған. Біз қосалқы стансаны жөндедік және енді оны ауыстыруға дайындап жатырмыз. Жұмыс күнінің соңына дейін ауыстырсақ, бұл жағдай қалыпқа түсуі керек», - деді Олге Крук.
Қалада әлі де 17 көппәтерлі тұрғын үйдің жылусыз отырғанын бұған дейін де жазған едік.