Екібастұзда газ баллоны жарылған соң полиция басқармасының бастығы қызметінен кетті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Екібастұзда газ баллоны жарылған соң полиция басқармасының бастығы қызметінен кетті. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, Екібастұз қаласында газ баллондары жарылып,соның салдарынан екі адам қаза тапқан. Жергілікті тұрғындардің бірі осы іскебайланысты тергеу жұмыстарының талапқа сай жүргізілмей жатқандығынашағымданған. Осыған байланысты министрдің тапсырмасы бойынша ІІМ қызметкерлертобы осы істің мән-жайын анықтау үшінПавлодар облысына жіберілді.

Адам қазасы болған газ баллонының жарылуы ісінеқатысты жүргізілген қызметтік тексеріс кезінде Қылмыстық-процессуалдық кодексталаптарының бұзылуы және тергеу мерзімдерін үзу туралы негізсіз шешімқабылданғаны анықталды.

«Қазіргі таңда заңбұзушылықтарға жол берген және осықылмыстық істі дұрыс жүргізбеген тергеуші мен аға тергеуші және Екібастұзқаласының полиция басқармасының тергеу бөлімінің бастығы лауазымдарынанбосатылды»,-делінген хабарламада.

Павлодар облысы ПД Тергеу басқармасының лауазымды тұлғалары және Департамент басшысыныңтергеу жұмыстарына жетекшілік ететін орынбасары қатаң тәртіптік жазағатартылды. Сонымет қатар, Екібастұз қаласы полиция басқармасының бастығықызметінен босатылды.

Соңғы жаңалықтар