Жобаның авторы - Екібастұз қаласынадғы №6 өрт сөндіру бөлімнің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Серік Раскельдинов. Жобаны жүзеге асырып, мини-тракторды құрастырғандар 6-ӨСБ-ң өрт сөндірушісі Мұхтар Әділет және осы бөлімнің жүргізуші-қызметкері Мейрамғалиев Тілек.
«Барлық бөлшектерді металл базасынан жинақтап, кейбірін қолдан дәнекерлеп жасады», - дейді №6 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Дархан Қабылтаев. - Трактордың отырғышына ескі креслоны пайдаландық.
Шағын тракторды өрт сөндіру бөлімінің аумағын тазалау және қар шығару жұмыстарына пайдаланылмақ.