«Министр мен әкімдік аудитті аяқтағандарын айтып, баяндады. Екібастұз жылу-электр орталығының өзіне де, жылу желілеріне де қаражат бөлінеді. Жөндеу жұмыстары толық көлемде атқарылады. Облыс әкімінің өзі айтқандай мен оны бұл мәселеде қолдап отырмын. Келесі жылыту маусымында Екібастұзда проблема болмайды», - деді Роман Скляр Үкімет отырысынан кейін.
Сондай-ақ ол жекеменшік компания пайдаланып тоздырған нысанның бір бөлігі неліктен мемлекет есебінен жөнделетінін түсіндірді.
«Мемлекет жекеменшік нысандарды жөндеуге ақша бөле алмайды. Сондықтан нақты бұл жағдайда жылу-электр орталығы мен жылу желілерін коммуналдық меншікке алып, жөндейміз. 5,3 шақырым желі жаңадан төселеді. Осы арқылы қаланы жылумен жабдықтау көрсеткішін жақсарту көзделіп отыр.
Мен Клебановтың атынан сөйлей алмаймын. Өзі үшін өзі айтсын. Біздің міндетіміз – Екібастұз қаласын жылумен орнықты қамтамасыз ету. Біз оны қамтамасыз етеміз, астын сызып айтайын: заңды жолмен қамтамасыз етеміз. Жылу-электр орталығының деңгейіндегі жылу желілерін коммуналдық меншігімізге алғандықтан бюджет есебінен қаржыландырамыз. Олар өздеріне тиесілі қондырғыларды қаржыландырады. Екі жақтап қаржы көлемін арттырып, жылумен жабдықтау мәселесін шешеміз», - деді вице-премьер.