Екібастұзда жылыту жүйесін жөндеу жұмысы әлі жалғасып жатыр
Облыс әкімі Асайын Байханов жөнделіп жатқан учаскелерді аралап, жұмыс барысымен танысты.
М. Жүсіп көшесі, 52/1 учаскесінде бұрын жылу желісі ауыстырылған, қазір сол жерде жабын плиталарын монтаждау және топырақты толтыру жұмысы жүргізіліп жатыр.
Шәкәрім көшесі мен Абай көшесінің қиылысында мамандар ұзындығы 340 метр болатын ТМ-5 жылу желісін ірілендіріп құрастырады.
Темірбетон науаларын орнату қажет болған 11 учаскедегі жұмыс келесі аптаның соңына дейін аяқталады.
Кеншілер қаласын жылумен жабдықтау жөніндегі жедел штаб отырысында Асайын Байханов Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекиннің, Екібастұз ЖЭО директоры Дмитрий Захаровтың және «Павлодарэнерго» АҚ бас директоры Владимир Лесиннің баяндамаларын тыңдады.
Владимир Лесиннің айтуынша, «Екібастұзжылуэнергиясы» ЖШС есеп бөлімі тиісті есепті жүргізіп, келесі аптаның басында ЖЭО мамандары халық үшін қайта есептеу алгоритмін ұсынуға уәде берді.
Бүгінгі таңда осындай 287 өтініш келіп түсті.
Асайын Байханов жылыту маусымы аяқталғаннан кейін жөндеу науқанына дайындық жұмыстарын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.
Өңір басшысы қазірдің өзінде қажетті материалдың 70%-ын сатып алуды бастап, жұмыс кестесін анықтау қажет екенін атап өтті.
Фото: Валерий Бугаев