Облыс әкімінің міндетін атқарушы қазіршгі таңда басты мәселе - үйлерді жылумен толықтай қамту екенін еске салды.
«Қазір бар күшті тұрғын үйлерге салып жатырмыз. Тұрғын үйлердегі жылу, кәріз, суық су желісінің көрсеткіштерінің бәрі қалыпқа келуі керек. Ертеңен бастап-ақ әлеуметтік нысандардың жылу желісі мен құбырларын жөндеуге кірісеміз. Біздегі №52 орталық жылу пунктіне жалғанған 3 әлеуметтік нысан бар. Одан басқа, кейбір нысандардың жылу көрсеткіштері төмендетілген болатын. Жылу жүйесі түгел қалпына келген бойда олардың жұмыс режимін де қалыпқа түсіреміз», - деп түсіндірді Олег Крук.