«Қаланың жылу жүйесін қалпына келтіру үшін уақытпен санаспай еңбек етіп жүрген жұмысшылардан сұрасақ, нормадан артық жұмыс үшін күніне 200 теңге алатынын айтты. Бұл аз емес пе?», - деп сұрады журналист өңірлік коммуникациялар қызметінде.
Қала әкімінің айтуынша, бұл мәселе арнайы штабтың бақылауында.
«Біз кәсіпорын басшыларымен келіссөз жүргіздік. Штаб аясында күніне кемінде екі рет кездесу өткіземіз. Артық істеген жұмысқа ақы төлеу мәселесі де айтылды. 200 теңге деп отырғаныңызды нақты қай компания екенін анықтау керек. Бірақ қазір күн, түн демей жұмыс істеп жүрген азаматтарға кәсіпорындар тарапынан міндетті түрде қосымша сыйақы қарастырылады», - деді Аян Бейсекин.