BILD агенттігінің мәліметінше, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде картина Бранденбург жеріндегі Райнсберг қамалына жеткізілген. Алайда 1945 жылдың жазында із-түзсіз жоғалған.
2021 жылы туынды Берлиндегі шағын аукциондардың бірінен табылды. Оны канадалық коллекционер сатып алған. Ол картинаның шығу тарихын өз бетінше анықтап, туындыны Потсдамға қайтаруға ұсыныс жасаған.
Келіссөздерден кейін Пруссия сарайлары мен бақтарының достары қоғамы және Эрнст фон Сименс атындағы өнер қоры картинаның иесімен мәмілеге келген. Коллекционерге бірнеше жүз мың еуро көлемінде өтемақы төленген.
17 қарашадан бастап картина Потсдамдағы Жаңа сарайда қайтадан көпшілік назарына ұсынылды.
Еске сала кетейік, Францияда миллиондаған еуро тұратын Ренуар картиналары ДНҚ арқылы табылды.