Атырау облысы бойынша экология департаментінің мәліметінше, сынама алу жұмысы Авангард ықшамауданын, Жеңіс саябағын, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің санитарлық қорғау аймағынан тыс жерден Мирный, Пропарка ауа сапасын бақылау станцияларының маңын қамтыды.
- Сынама алу барысында атмосфералық ауадан күкірсутек, метан, көміртек монооксиді, азот диоксиді, күкірт диоксиді ластаушы ингредиенттеріне талдау жүргізді. Желдің бағыты оңтүстік батыстан, жылдамдығы 6 м/с. Мониторинг нәтижесінде атмосфералық ауада зиянды заттардың рұқсат етілген шекті шоғырланудан асу фактілері анықталмады, - делінген ресми хабарламада.
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайтынын жазған едік.