Экс-дипломат Сәкен Мамашқа шыққан үкім өзгеріссіз қалды
22:38, 17 Қыркүйек 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Апелляциялық инстанция бұрынғы дипломат Сәкен Мамашқа қатысты бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.
Сот мәліметінше, Сәкен Мамаш ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, алты жылға бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар ҚР ҚК-нің 49-бабы негізінде оның дипломатиялық дәрежесі — бірінші сыныпты кеңесші атағы күшін жойды.
Үкім биылғы 18 шілдеде шығарылған.
Еске салайық, 2024 жылғы мамырда Сәкен Мамаштың бұрынғы жұбайы Карина Госман он жылға созылған физикалық және сексуалдық зорлық-зомбылық туралы мәлімдеген болатын.
Осыдан кейін Мамаш қызметінен шеттетілді. Бұған дейін сот оған 15 тәулікке әкімшілік қамау тағайындаған еді.