Экс-судья Сайлыбаеваның өліміне қатысты істі тергеуде қандай өзгерістер бар

Фото: Қанат Сайлыбаевтың жеке мұрағатынан

АСТАНА. KAZINFORM — Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов кісі қолынан қайтыс болған Айгүл Сайлыбаеваға қатысты істі тергеуге бойынша пікір айтты. 

Бүгін Парламент Мәжілісіндегі баспасөз мәслихатында тілшілер Қазақстанға марқұмның күйеуі Александр Донцовты экстрадициялау мүмкіндігі туралы сұрады.

— Қазір іздеу жариялануына байланысты бұл қылмыстық іс бойынша тергеу шаралары уақытша іркілді. Ресей жағымен хат алмасып жатырмыз. Ал бұдан басқа елдермен өзара іс-қимыл Бас прокуратураның құзыретіне жатады. Сондықтан осыдан кейінгі шешімді Бас прокуратура қабылдайды, — деді Санжар Әділов.

Бұған дейін еліміздің Ішкі істер министрлігі Германияда кісі қолынан қайтыс болған Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі Александр Донцов пен оның анасы Наталья Донцоваға іздеу салғанын жазған едік

Биыл ақпан айының басында Ресей Тергеу комитеті Айгүл Сайлыбаеваға қатысты процессуалдық тексеру жүргізіп жатқаны мәлім болды

Осы орайда экс-судья Сайлыбаеваның өлімі бойынша қылмыстық іс Ресейге берілуі мүмкін екені айтылды.