Жігіттер түрлі әрі ерекше әрекеттерді баяулатып түсірілімдер жасауға машықтанып, он миллиондаған көрермен жинаған. Бұл жолы олар батуттың айналасына 1 000 тышқан қақпанын құрып, орнатып, қауіпті аймақтың ортасына секірді.
Бір тәулікке толар-толмас уақыт ішінде бейнероликті 4,4 млн адам тамашалаған. Соңында жазылған пікірлерде көрермендердің бірі сынақтан өтуші тышқанның костюмін киюді ұмытқандығын ескертсе, тағы бір көрермен келесі жолы аюларға арналған 1 мың қақпан орнатуға кеңес береді.