Эквадордың Перумен шекаралас аумағында жер сілкінісі болды

Фото: Анадолы

АСТАНА. KAZINFORM — Сейсенбі күні кешке жағалаудағы Эль-Оро провинциясында магнитудасы 6,1 балл жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Синьхуа ақпарат агенттігі. 

Жерасты дүмпулері елдің оңтүстік-батысындағы бірнеше елді мекенде сезілді.

— Зілзала ошағы оңтүстік ендіктің 3,61 градусы және батыс бойлығының 79,98 градусында орналасқан, тереңдігі 83 шақырым, магнитудасы 6,1, — делінген Эквадор геофизикалық институтының хабарламасында.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. 

Материалды Синьхуа серіктес агенттігі ұсынды.

Бұған дейін Камчаткада жер сілкінісінен кейін жанартау оянғанын жазған болатынбыз. 

Ал Чилиде жер сілкінісінен кейін цунами қаупі туралы ескерту жарияланды. 

Филиппин жағалауында 5,7 магнитудалық жер сілкінісі болды.