Ел аумағында апта ішінде 2,9 мың қылмыс жасалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform .
«Апта ішінде 2970 қылмыс жасалды. Оның 1823-і тәулік ішінде ашылды», - деді Ш. Тұрлыбек ІІМ баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.
Оның айтуынша, бір аптада полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 8 кісі өлтіру, 10 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, 2 қарақшылық, 33 тонау және 343 бөтен мүлікті ұрлау қылмысын ашты.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.