Ел аумағында бір аптада 6,8 мың қылмыс тіркелді - ҚР ІІМ

АСТАНА. 24 шілде. ҚазАқпарат - Апта ішінде 6 870 қылмыс тіркелсе, «ізі суымай» 3129 қылмыстың беті ашылды.

Бұл туралы бүгін Астанадағы дәстүрлі брифингте ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті директорының орынбасары Айжан Есімбекова айтты.

Бұрын жасалған 765 қылмыс, оның ішінде өткен жылдар санатындағы 43 қылмыс ашылды. «Іздеу жарияланған 110 қылмыскер ұсталды. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты 50 қылмыс анықталды, оның ішінде 24 сату фактісі. 1,5 тоннадан астам есірткі заты, оның ішінде 22.5 келіге жуық героин тәркіленіп алынды»,-деді А. Есімбекова.