«Жыл басынан бері жалпы қылмыс 19%-ға азайды. Олардың ішінде кісі өлтіру - 51%, зорлау - 37%, қарақшылық - 36%, тонау - 16%, бұзақылық - 47%, ұрлық - 28% және көшедегі қылмыстар саны 12%-ға төмендеді. Бұл ретте елордада 10 мың адамға шаққанда қылмыс саны – 127. Бұл елдегі ең жоғары көрсеткіш. Оның бір себебі, үлкен мегаполис болуында жатыр», - деп тоқталды Марат Ахметжанов.
Министр келтірген деректерге сай, қылмыскерлердің 80%-ы жұмыссыздар. Олардың басым бөлігінде кәсіптік немесе жоғары білімі жоқ. Ал жеке тұлғаға қарсы 50% құқық бұзушылық әрекеттерін мас күйде жасайды.
Қоса кетсек, бұған дейін министр полцияның жұмысын сынға алатын азаматтарға қатысты пікір білдірген болатын.