АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Индустрияландыру картасы жобаларын таныстыру бойынша кезекті жалпыұлттық телекөпір барысында Білім және ғылым министрлігі мен Экономикалық даму және сауда министрлігіне отандық еңбек нарығының болашағына сараптама жасауды тапсырды.
Мемлекет басшысының атап өтуінше, экономиканы, жаңа салаларды жаңғырту, заманауи технологияларды қолдану елдің еңбек ресурстары талабын арттырады. Бұл университеттерден, кәсіби білім беру жүйесі мекемелерінен өздерінің білім беру бағдарламаларын жаңғыртуды талап етеді.
«Білім және ғылым министрлігіне Экономикалық даму және сауда министрлігімен бірлесіп отандық еңбек нарығының болашағына сараптама жасауды, инновациялық экономика үшін жаңа кадрларды дайындауды қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді ҚР Президенті.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.