Елбасы «Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы» заңға қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық контингентінің бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі операцияларға (миссияларға) қатысуына байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған «Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.