Елбасы Қазақстанның антиядролық қозғалысына арналған көрмені аралап көрді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның антиядролық қозғалысына арналған көрмені аралап көрді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қазақстанның антиядролық бастамаларына және ядролық қарусыздану үдерісіне арналған көрмені аралап көрді.

Қазақстан Президенті көрмеге қойылған экспонаттармен танысып, экскурсияда жүрген Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенттерімен әңгімелесті. Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы өзінің студенттік шағынан сыр шертетін естеліктер айтты.