«Қазақстандық актриса Аружан Жазылбекова мен продюсер Джонатан Шенді «Композитор» фильмі Golden Screen Awards сыйлығының төрт номинациясын жеңіп алуымен құттықтаймыз. Елбасы фильмді жоғары бағалады», - деп жазады ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай twitter парақшасында.
Еске салсақ, Қазақстан мен Қытай бірлесіп түсірген «Композитор» фильмі Лос-Анжелес(АҚШ) қаласында өткен 4-ші кезекті «Golden screen awards» марапаттау шарасында жылдың «Ең үздік киносы», «Ең үздік музыка», «Ең үздік ер адам рөлі» және «Ең үздік әйел рөлі» сынды 4 номинация бойынша марапатталды. Композитор» фильмінің тұсау кесері ағымдағы жылдың 17 мамыр күні елордада өткен болатын.