Елбасы «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында Астана құрылысына айрықша көңіл бөлді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Россия 24» арнасына сұхбат берді. Әңгіме барысында Президент әлем көз тіккен Астана қаласының құрылысы жөнінде сөз қозғады.

Мемлекет басшысы елорданың бүтіндей көкке оранғанын тілге тиек етіп, қала маңындағы жасыл белдеу жайын сөз етті, деп хабарлайды24.kz.

 Сонымен қатар Елбасы Ресей арнасының тілшісіне еліміздің бітімгершілік бастамаларын айтып берді. Әлемдегі шиеленістерді реттеуде қазақ елінің қосқан үлесін сөз етті.

 Нұрсұлтан Назарбаев Ресей мен Украина арасындағы жағдайға да тоқталып өтті. Бауырлас екі елдің мәдениеті ортақ. Талай қиын-қыстау кезеңді бірігіп бастан өткізді. Осыған мән берген Президент кез келген дау-дамайды бейбіт жолмен келіссөз арқылы шешуге болатынын айтты.