«Жаңа ғана Елбасының журналистермен сұхбаты аяқталды. Сұхбат жексенбі күні сағат 20.00-де республикалық арналардың эфирінен көрсетілетін болады. Әңгіме өте қызықты, тартымды және ашық өтті. Журналистердің атына олар Президентке ыңғайсыз сұрақтар қоя алмайды деген сын жиі тағылып жатады. 13 желтоқсан күні кешке көрермендер мұның олай еместігіне көз жеткізеді деп ойлаймын», - деді ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев.