40 қару-жарақ тәркіленді: жаяу әскер отшашары, 4 Калашников автоматы, 12 тапанша, 23 мылтық, 5 граната және 800-ден астам оқ-дәрі.
Көрсетілген фактілер бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
ҰҚК қару мен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына қарсы жұмысты жалғастырып жатыр.
Айта кетелік Маңғыстауда 62 кг марихуана, қару-жарақ пен 32 млн теңге тәркіленген еді.