Елдің әр өңірінен тұрғындар Ерлан Тұрғымбаевпен жеке кездесуге келді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Nur Otan» партиясының елордадағы қоғамдық қабылдау бөлімінде ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өзінің мәселесін ҚР Ішкі істер министріне жеткізу үшін тұрғындареліміздің түкпір-түкпірінен арнайы келіпті. Әуелі Ерлан Тұрғымбаев өңірлерменонлайн-байланысқа шығып, азаматтардың шағымдары мен сауалдарын тыңдады. Халықтарапынан қойылған сұрақтардың жалпы сипаты туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкіліНұрділдә Ораз айтып берді.

«Бүгін «NurOtan» партиясыныңалаңында министр қарапайым азаматтарды өзінің мәселелерімен қабылдап жатыр.Қазірдің өзінде 50-ге жуық азамат түрлі аймақтардан өздерінің сауалдарынтікелей қоюға жазылған. Бұған техникалық мүмкіндік бар. Сұрақтардың сипатыәркелкі. Мәселен, Павлолдар, Алматы облыстарынан қылмыстық істерді заңсыз қысқартуғабайланысты сұрақ қойылды. Тергеушілердің әрекеттеріне көңілі толмайтын адамдарда хабарласып жатыр. Осы және өзге де мәселелер бойынша сұрақтар қойылуда. Дәл осы жерде ҚР Ішкі істер министрі осыдан бірнешеай бұрын қарапайым тұрғындарды қабылдаған болатын. Олкезде 40-қа жуық арыз қаралды.Оның 80 пайызы министрдің қатаң бақылауында болып, көптеген азаматтарсауалдарына шешім тапқан болатын. Бүгін қойылған сұрақтардың бәрі солайқарастырылады», - дейді Нұрділдә Ораз.

Министрлік өкілі қабылдауға жазылған адамдардың кейбірі Ішкі істерминистрлігінің құзыретінежатпайтын сауалдар қойып жатқанын даатады.

«Кейбір азаматтардың прокуратура, сот саласынақатысты сұрақтарды қойғанын көрдіңіздер. Оларды сипатына қарай сотқа немесе прокуратурағабағыттап жатырмыз. Ішкі істер министрлігі өзінің құзыреті бойынша жауап береді. Дегенмен, бүгін қойылған сұрақтардың барлығықатаң тексеріліп, министрлік құрылымындағы жергілікті орган басшысының, тіптіболмаса министрлік басшылығының назарына алынып, шешімін табатын болады», -дейді ол.

Ресми өкіл ішкі істер саласына қатысты проблемасыбар адамдар «NurOtan» партиясыныңқабылдау ұйымдастыруын күтпей-ақ, өз бетімен арыздануға болатынын айтады.

«Азаматтарды қабылдау процесі тек «Nur Otan» алаңында ғана жүргізілмейтінін айтқымкеледі. Министрдің өзінің қабылдауыбар. Ол жылына 4-5 рет, сауалдар көп болған жағдайда одан да жиі өткізіледі. Министрлік басшысының бес бағыт бойыншаорынбасарлары, комитет және департамент басшылары бар. Олар дәл осындайқабылдаулар өткізеді. Әр өңірдегі полиция департаментінің басшылары да жергіліктіхалықты жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Әрбір қабылдау процесі министрліксайтында көрсетілген. Кез келген қандай да бір сұрағы болса, ол тергеугеқатысты ма, болмаса криминалдық сала бойынша ма, болмаса қылмыстық атқаружүйесіне шағымы болса, өзі қудалауға ұшыраса, қызметкерлердің жұмысына көңілітолмаса ішкі істер министрлігінің сайтында көрсетілген кесте бойынша қабылдауғажазылып, өз мәселелерін шеше алады», -деп толықтырды ол.

Соңғы жаңалықтар