Елдің шығысында шырша кесетін браконьерлерді ұстау үшін 60 жедел топ құрылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өңір аумағында тәулік бойы «рейдтік» режімде жас шыршаны заңсыз кесетіндердің жолын кесу үшін полицей және табиғатты қорғау мамандары ішінен 60 жедел топ құрылды.

Жол полициясы қылқанды ағаш тасу, сату заңдылығын тексеріп, өңір жолдарындағы бақылауды күшейтті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бүгін ішкі істер департаменті Семей, Зырянов, Бородулиха, Риддер, Ұлан ауданында бір-бірден қылмыстық әрекет анықталғанын хабарлады.

Өскеменде 7 сатушыға қатысты рұқсат етілмеген орындарда шырша сатқаны үшін әкімшілік материал қозғалды. «Шырша-2016» жедел алдын алу шарасы 31 желтоқсанда аяқталады.