Қазақстан аумағының басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонының және оған байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл тұрады.
Елдің шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады.
Республиканың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша жел күшейіп, еліміздің батысында түнде және таңертең, оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда — тұман, оңтүстігінде шаңды дауыл болады.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Павлодар, Қарағанды, Қостанай облыстарының батысында, солтүстігінде, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде, Абай облысының батысында 1-6 градус үсік жүреді.
Қызылорда облысында, Жетісу облысында, Алматы облысының солтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының батысында, шығысында, солтүстігінде, Түркістан облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Сондай-ақ Ұлытау облысында, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-шығысында, батысында, шығысында да жоғары өрт қаупі болжанған.
Павлодар облысының оңтүстігінде, Шығыс-Қазақстан облысында, Абай облысының шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Ал Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде, Абай облысының орталығында, Жетісу облысының оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Айта кетейік, бүгін тек бір қалада ауа сапасы төмендейді.