Елдің батысында 40 градусқа дейін аптап ыстық болады

АСТАНА.KAZINFORM - Еліміздің оңтүстігі мен шығысының кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады.

Фото: Kazinform

Астанада ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз.

Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 13... 15°C, күндіз 29... 31°C.

Алматыда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, екпіні 13 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 18... 20°C, күндіз 30... 32°C.

Шымкентте ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 20... 22°C, күндіз 36... 38°C.

Айта кетелік бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды