Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды жүйелер Қазақстанның солтүстігі мен шығысында ауа райына ықпалын сақтайды. Осыған байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік өңірлерде ауа температурасы жайлы деңгейде сақталады: күндіз ауа температурасы 22–27°С болады.
Ал батыс және оңтүстік өңірлердің тұрғындарын аптап ыстықтың кезекті толқыны күтіп тұр. Иран аумағынан келетін жылы ауа массаларының әсерінен еліміздің батысында ауа температурасы 34–39°С-қа дейін, ал оңтүстігінде 37–42°С-қа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады.
Айта кетелік бүгін еліміздің бір ғана қаласында ауа сапасы төмендейді.