Бүгін еліміздің бір ғана қаласында ауа сапасы төмендейді – Қазгидромет
АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
5 тамызда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Ақтөбе қалаласында күтіледі, – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, Петропавлда өткір жағымсыз иіс пайда болып, тұрғындардың мазасын қашырды.
Ал Орал тұрғындары полигон түтінінен тыныс алу қиындағанын айтып шағымданды.