Батыс циклоны Қазақстан аумағының басым бөлігіне өз әсерін сақтайды. Соған байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейіп, екпінді және дауылды сипат алуы, сондай-ақ бұршақ түсуі күтіледі.
Нөсер жауын:
- 6–8 маусым күндері – елдің батысында;
- 6 маусымда – қиыр солтүстікте және оңтүстік-шығыста;
- 8 маусымда – солтүстік-батыста болжанады.
Кезеңнің басында елдің шығысы мен орталығында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады.
Күндіз ауа температурасы:
- батыста 20… 30°С-қа дейін төмендейді;
- солтүстікте 28… 35°С-қа дейін жоғарылайды;
- орталықта 30… 38°С қатты ыстық күтіледі;
- оңтүстікте 35… 40°С қатты ыстық болады;
- оңтүстік-шығыста 30… 39°С қатты ыстық сақталады;
- шығыста ауа температурасының негізгі фоны 30… 37°С аралығындағы қатты ыстық болады.
Айта кетелік Қазақстанның 16 облысы мен үш мегаполисінде күн райына байланысты ескерту жарияланған еді.