НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Будапештегі әлемдік Гран-при турнирінен кейін Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан дзюдофедерациясы мәлім еткеніндей, Будапеште 60 кг салмақта топ жарған Елдос Сметов 6-данбесінші орынға көтеріліп, үздік бестіктің қатарына енді.
Будапешт турнирініңкүміс жүлдегері Елдос Жұмақанов (66 кг) әлемдік рейтингте 12-ден 11-орынғажоғарылады.
IJFережесіне сәйкес әлемдік Гран-приде жеңімпаз атанғандар 700, екінші орын иегері490, қола алғандар 350 ұпайға ие болады.
Үздікелулікке ілінген қазақстандық дзюдошылардың көрсеткіштері мынадай:
60 кг
ЕлдосСметов – 5 орын (4821)
ҒұсманҚырғызбаев – 11 (3156)
66 кг
ЕрланСерікжанов – 8 (4089)
ЕлдосЖұмақанов – 11 (3504)
73 кг
ЖансайСмағұлов – 19 (2448)
81 кг
ДидарХамза – 17 (2602)
РусланМұсаев – 49 (1036)
90 кг
ИсламБозбаев – 11 (3428)
100 кг
ЕрасылҚажыбаев – 36 (1352)
Ескесала кетейік, бұдан бұрын Елдос Сметовтің Будапеште алтын алғанын, ЕлдосЖұмақановтың күміс жүлдегер атанғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).