НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Елдос Сметов Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінің алтын жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық спортшы 60 кг салмақта финалда өзбекстандық Кемран Нуриллаевпен белдесті. Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Е.Сметовтің жас қарсыласына қарағанда, тәжірибесі мол еді. Белдесу барысында оңтайлы әдіс қолданған Е.Сметов вазари ұпайын алып үлгерді. Содан кейін көп ұзамай таза жеңіске жетті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елдос Сметов бастаған дзюдошылардың Гран-при турниріне қатысатынын, Отгонцэцэг Галбадрахтың финалға жолдама алып, күміс жүлдегер атанғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).