Елдос Сметов пен Талғат Орынбасар Grand Slam турнирінің қола жүлдесі үшін күреседі

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық балуандар Елдос Сметов пен Талғат Орынбасар Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Grand Slam турнирінің қола жүлдесі үшін бақ сынайды.

Фото: ҚР ҰОК

Елдос 60 келі салмақта ширек финалда әзербайжандық Балабей Агаевтан жеңілді. Дегенмен жұбаныш белдесуінде Украина өкілі Артем Лесюкті тізе бүктірді.

Дәл осы салмақта Талғат Орынбасар жартылай финалда тәжікстандық Лоик Кудбудиновке есе жіберді.

Осылайша, Елдос Сметов пен Талғат Орынбасар қола жүлде үшін өзара күш сынасады.

ҚР ҰОК мәліметінше, 66 келіде Ғұсман Қырғызбаев ширек финалда Искандар Махмадхожазодаға (Тәжікстан) жол берді. Сондай-ақ жұбаныш белдесуінде отандасымыз әзербайжандық Рашад Елькиевтен жеңіліп, жарысты аяқтады.

Балуан Алтын Шагаева әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.