Балуан Алтын Шагаева әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық балуан Алтын Шагаева Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында тағы бір жеңісіне қол жеткізді.
Әйелдер күресінен 59 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз ширек финалда Польша өкілі Йовита Мария Вжесеньмен кездесіп, қарсыласын 5:1 есебімен жеңді.
Осылайша Алтын Шагаева әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.
Айта кетейік, бұған дейін Өсімжан Дастанбек еркін күрестен 65 келі салмақтың 1/8 финалында армениялық Вазген Теванянға жол берген еді.
Ризабек Айтмұхан екі дүркін Олимпиада чемпионына жол берді.