АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбедегі Елек өзеніне шомылған азаматты құтқарушылар аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін сағат 14:40-та Ақтөбе қаласының Елек өзенінде ер адам суға түсіп, жағаға қайта шыға алмай қалды. Шұғыл шақырту алған құтқарушылар оқиға орнына дереу жетіп, 45 жастағы ақтөбелікті өлім аузынан аман алып қалды.
«Ол рұқсат етілмеген жерге суға шомылған. Құтқарушылардың жедел және үйлесімді іс-әрекетінің арқасында азамат 2 метр тереңнен шығарылып, жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Ақтөбе облысының ТЖД көктемде суға шомылуға болмайтынын еске салады. Күн ысығанымен, су салқын», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.