ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Биыл қарашада Өзбекстанда электр энергиясы мен табиғи газды заңсыз пайдаланудың 1 614 фактісі анықталды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
«Өзэнергоинспекцияның» мәліметінше, 24,1 млн текше метр табиғи газ және 38,6 млн кВт/сағат электр энергиясын заңсыз тұтыну салдарынан мемлекетке 160 млрд сум (шамамен $12,4 млн) залал келді.
Аталған фактілер бойынша 876 әкімшілік хаттама толтырылды.
Қоса кетсек, Өзбекстанда 2030 жылы электр энергиясын тұтыну көлемі екі есе артуы мүмкін.
Сонымен қатар, бұған дейін Қазақстан электр энергиясының тапшылығын жабуға жыл сайын қанша қаражат жұмсайтынын жазған болатынбыз.
Айта кетейік, Өзбекстан президенті Конституция күніне орай 483 адамға рақымшылық жасады.
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.