Өзбекстан президенті Конституция күніне орай 483 адамға рақымшылық жасады

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Конституция күніне орай Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев «Жазасын өтеп жатқан, істеген ісіне өкінетін және өмірін өзгертуге бет алған адамдар тобына рақымшылық жасау» жарлығына қол қойды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Президент Узбекистана Шавкат Мирзиеев подписал закон о нежелательных иностранцах
Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

Жарлыққа сай, 483 адамға рақымшылық жасалды. Олардың ішінде 107 сотталған негізгі жазасын өтеуден толық босатылса, 275 адам мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шығады. Сонымен қоса, 7 адамның жазасы жеңілдетіліп, бас бостандығынан айырылған 94 азаматтың мерзімдері қысқарды.

Рақымшылық жасалғандардың қатарында шет мемлекеттердің 25 азаматы, 32 әйел, 60 жастан асқан 5 ер адам, 30 жасқа дейінгі 274 адам (оның ішінде 104 адам кәмелетке толмаған), сондай-ақ тыйым салынған ұйымдардың қызметіне қатысқан 6 адам бар.

«Бұл - елімізде жүргізіліп жатқан гуманизм саясатының және халқымыздың мейірімділік пен жанашырлық сияқты асыл қасиеттерінің жарқын көрінісі», - делінген Өзбекстан басшысының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жарлықты орындау шеңберінде жауапты ведомстволарға рақымшылық алған адамдарды отбасына қайтару, олардың қоғамға бейімделуіне жәрдемдесу және жұмысқа орналастыру жөнінде тапсырмалар берілді.

Еске салайық, биыл сәуірде Ораза айт қарсаңында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 426 адамға рақымшылық жасаған еді.

Соңғы жаңалықтар