Қаскүнемдер аталған құрылыс нысанының жұмысшыларымен алдын ала келісіп, электр кабелін құрылыс аумағынан жалға алған «Газель» автомашинасымен шығарып, алып кеткен.
Жедел-іздестіру әрекеттері барысында полицейлер кабельді қала аумағындағы металл қабылдау пунктінен тәркілеген.
ҚР ҚК 188-бабы (ұрлық) бойынша тергеп-тексеріс жүргізілуде. Ұсталған екі адамның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде, деп хабарлайды Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі.