Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Аделаиде (Аустралия) WTA 500 турнирін екінші айналымнан бастайды, деп хабарлайды Kazinform.
Қазақстандық теннисші 8-13 қаңтар аралығында өтетін аталмыш жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген.
Елена Рыбакина екінші айналымда әлемнің 29-ракеткасы, италиялық Ясмин Паолини немесе іріктеу сайыстарынан қосылған, дүниежүзілік рейтингте 61-орында тұрған испаниялық Кристина Бучаның біреуімен кездеседі.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның байырғы қарсыласын жеңіп, Брисбен турнирінің жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Елена Рыбакина қайтадан әлемнің үшінші ракеткасы атанды.
Анна Данилина Жаңа Зеландиядағы жарыстың жеңімпазы атанды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).