Елена Рыбакина Бейжің жарысында жеңіліске ұшырады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірінші, әлемнің 1-ракеткасы Елена Рыбакина Бейжің (Қытай) WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шыға алмады.

Фото: ҰОК

Жарысты екінші айналымнан бастаған қазақстандық теннисші әлемдік рейтингіде 118-орында тұрған армениялық, түбі ресейлік Алина Чараевамен шеберлік байқасты.

Бастапқы партияда Е.Рыбакина 6:3 есебімен басымдылық танытты. Алайда бұдан кейін екі сетте есе жіберді — 4:6, 3:6.

Екі сағат 12 минутқа созылған бәсекеде Рыбакина 3 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Чараева 6 эйс, 5 брейкпен (8 брейк-пойнт) ерекшеленді. 
Осылайша, қазақстандық теннисші күтпеген жерден жарыс жолынан шығып қалды. Бұл оның АҚШ ашық чемпионатында жеңімпаз атанғаннан кейінгі алғашқы матчы еді.

Сенсациялық жеңіске жеткен Алина Чараева үшінші айналымда рейтингіде 129-сатыдағы ұлыбританиялық Сонай Карталмен ойнайды. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің жұптық сында Бейжің турнирінің жартылай финалына шыққанын жазған едік.