Александр Бублик жұптық сында Бейжің турнирінің жартылай финалына шықты
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші Александр Бублик жұптық сында Бейжің ATP 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды.
Қазақстандық теннисші қытайлық Цзюньчэн Шанмен бірге ширек финалда аргентиналықтар Максимо Гонсалес – Андрес Мольтениге тап келді.
Бірінші партияда қазақстандық-қытайлық жұп 7:5 есебімен басымдылық танытты.
Екіншісінде аргентиналықтар есе қайырды – 6:3.
Супер тай-брейкте Бублик – Шан жеңісті жұлып алды – 10:8.
Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсекеде қазақстандық-қытайлық дуэт 4 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың тең жартысында мүлт кеткен жоқ. Аргентиналықтар 3 эйс, 2 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.
Александр Бублик – Цзюньчэн Шанның жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Әлемнің 20-ракеткасы А.Бублик жекелей сында алғашқы айналымда рейтингіде 14-орындағы чехиялық Якуб Меншикке жол берді – 4:6, 6:7 (5:7).
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Азия ойындарының жартылай финалында ойнайтынын жазған едік.
Сондай-ақ Азия ойындарында Данилина мен Путинцева жартылай финалға жолдама алды.
Азия ойындарында Данилина мен Путинцева қола жүлдеге ие болды.